Орал: ұн қымбаттап, қант азайды

Теги: ,
259

Санкция қыспағында қалған ресейліктер базардағы азық-түлікті қапшықтап тасып жатыр дегенді естіген оралдықтар біраз дүрлікті. Сұраныс көбейген соң, тауар бағасы да құбылыпты. Сатушылар ұн мен күнбағыс майының соңғы аптада 100 теңгеге қымбаттағанын жеткізді. Бірақ кейбір сауда орындарында қант мүлдем жоқ. Қанттың киләсі қазір 425 теңгеден сатылып жатыр. Бірақ 5 килограмнан көп алуға тыйым салынған. Мұны кәсіпкерлер Ресейдегі жағдаймен түсіндіреді. Сондықтан қанттың келесі партиясы қазіргіден қымбатқа жеткізілуі мүмкін, — деді.

БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ресми өкілі Мейрам Қабдығалиев, Қазақстанмен шекаралас Ресей қалаларының тұрғындары азық-түлікті қапшықтап сатып алып жатыр деген қауесетті теріске шығарды:

— Бұл — еш негізі жоқ жалған хабар. Осыны естіген бойда қаланың орталық базарларын аралап, сауда орындарында шұғыл түрде мониторинг жүргіздік. Азық-түлік сататын ірі фирмалардан ақпаратты алып отырмыз. Жағдай қалыпты. Ресейліктердің тамақты еліне тасып жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Базардағы баға:

Жоғары сұрыпты ұн 50 кг — 9 950 тг

Жоғары сұрыпты ұн 25 кг — 5 100 тг

1 сұрыпты ұн 25 кг — 4 100 тг

Жоғары сұрыпты ұн 10 кг — 2 350 тг

Предыдущая запись
БҚО: заңсыз шекара асқан 1 млрд теңгенің тауары мемлекет пайдасына берілді
Следующая запись
ШЫМКЕНТ: «Көкжайлау» тұрғын үй кешеніне қаржы салған үлескерлер шу шығарды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню