Орал: Перзентханада дүние салған келіншектің өліміне туыстары дәрігерлерді айыптайды

Теги: ,
251

Олардың айтуынша, Эльвира Әшімованың артында бес бала қалды. Ал күні кеше жарық дүние есігін ашқан егізге Нарұл және Інжу деген ат қойылыпты. Бірақ ұлардай шулаған бала-шаға анасынан айрылып, үлкен әулет қара жамылды. Марқұмның туыстары бұл қайғылы оқиғаға дәрігерлердің немқұрайдылығы себеп болды дегенімен, ешкімді сотқа бермейміз деп отыр. Бірақ қызметтік тексеру жүргізіліп, өлімге жол берген жауаптылар жазасын алсын дейді. Марқұмның туыстары Эльвира босанардан бір апта бұрын әлсірегенін айтады. Сондықтан оны одан әрі шаршата бермей, ыңғайы келсе кесарь тілігін жасау керек еді дейді:

— Перзентханаға барғанымызда бізді суық қабылдады. Қапыда қара жамылды деген ой жоқ. Күнде адам өліп жатқан мүрдехана сияқты. Бәрінің еті өліп кеткен. Біздің шаңырақта қайғы болып жатыр деген ой кіріп-шықпайтын сияқты. Жүрісі жайбарақат. Осындай немкеттілікті көргенде ішім удай ашыды. Бәлкім келінімді перзентханаға жіберерде басшылығымен сөйлесіп, ескертіп алу керек пе еді деген ой жанымды жегідей жеп барады. Балаларды бірдеме етіп өсірерміз. Бірақ есін біліп қалған екі үлкеніне мамасының жоқ екендігін қалай түсіндіреміз? Сондықтан бұл мекемені мықтап тексеру керек. Кінәлілер тиісті жазасын алсын! Өйткені болашақта мұндай жағдай қайталанбасына кім кепіл?

Естеріңізге салайық, Эльвира Әшімова егіз баласын босанғасын, көп мөлшерде қан кетіп дүние салды. Басқа ауруханалардан шақыртқан мамандардың да көмегі тимепті. Бұл — Орал перзентханасында бір аптаның ішінде болған екінші өлім.

Предыдущая запись
Орал: осыдан бір жыл бұрын кенеттен ток ұрып, опат болған оралдық жеткіншек Айяның өлімін тергеу әлі аяқталмады
Следующая запись
Двух сестер сбили по дороге в школу в Шымкенте

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню