398
Қостанай облысында бірнеше аудандағы дала өртіне қатысты «Басаман орман шаруашылығы» мекемесі басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Облыстық прокуратураның мәліметінше, аталған мекеме басшысына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары (ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы) басталған. «Басаман орман шаруашылығы» мекемесі басшысы Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал бүгін, 15 қыркүйекте сот оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.