Реформалар билік тармақтарының тиімділігін арттырады

Теги: ,
350

Әл-Фараби атындағы ұлттық әмбебап кітапханасында бірқатар шымкенттік қоғамдық ұйымдардың өкілдері Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын іске асыру бойынша жиын өткізді. Жиынды мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Сатқанбаев жүргізіп отырды.

Жолдауда мемлекеттің дамуы үшін билік пен қоғамның өзара іс-қимылы аса маңызды екені атап көрсетілген. Спикерлер бұл мәселеде жастармен жұмыс істеудің өзекті екенін атап өтті.

Ардагерлер қоғамдық бірлестіктерінің төрағасы Серікбай ОҢБАЕВ өскелең ұрпақтың болашағы жолында игі істер атқарылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, ардагерлер мектепке 1 қыркүйек Білім күні ғана емес, басқа күндері де барып, түрлі іс шараларға қатысады.

Жиында Arman Alani қазақстандық коалициясының төрайымы Фарида Бәкібаева сөз сөйледі. Ол бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселесімен айналысатын ұйымдарды қандай көмек күтіп тұрғанын айтты.

-Мысалы, «Рахмет саган, Ана!» жобасы ерекше балалардың ата-аналарымен құрылған. Қазір олар инватуризм идеясымен жұмыс істеуде, бірақ бұл жобаны жүзеге асыру оңай емес. Бәлкім, ол болашақта өз көрінісін табатын шығар, — дейді Ф.Бәкібаева.

«Президенттің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларына қарағанда менің ойымша,биылғысы бөлек. Жолдауда ел тағдырына, оның одан арғы саяси, әлеуметтік-экономикалық бағытына, мемлекетті түбегейлі өзгертуге деген құлшынысына терең мән берген, – деді Шымкент қалалық Азаматтық альянсының төрағасы Жұмағали БІЛІСБЕКОВ. – Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін өмірдің барлық салаларындағы қайта құруларды жеделдету керектігін айтқан болатын. Кезінде айтылған реформалар биліктің атқарушы және өкілді тармақтарының қызметін түрлендіруге, оның тиімділігін арттыруға бағытталды. Сондықтан біз Президенттің айналысына топтасып, еліміздің дамуына әрқайсымыз үлес қосуымыз керек. Ал сіз оны өз қалаңыздан, көшеңізден, аулаңыздан бастауға болады, — деді ол.

Жас мамандардың алдында ашылатын мүмкіндіктер туралы бөлек айтылды:

«Студенттерге жылдық 2-3 пайызбен білім беру несиесін алу мүмкіндігі беріледі. Бұрын мемлекет оқуға қаражат бөлетін. Грантқа өтпеген студенттер ақылы оқыды және оқуды аяқтағаннан кейін болашақ жұмыс есебінен мемлекет алдындағы қарызын төледі. Қазір студенттер үшін жағдай одан да жақсы».

Жұмағали БИЛИСБЕКОВТЫҢ айтуынша, Президенттің бала күтімі бойынша төлемдердің мерзімін бір жарым жылдан ұлғайту, 2028 жылға дейін әйелдер үшін зейнеткерлік жасты 61 жылға дейін сақтау жөніндегі тапсырмасы да халықтың оң пікірін тапты. Әсіресе, қазір бизнесті жүргізуге 2% несие беретіні қуантады. Бұл елордалық жастар үшін өте жақсы көмек.

«Қазір біз Президенттің Жолдауын қарастырған кезде оны мемлекеттің даму үрдісінде көріп отырмыз. 2004-20005 жылдары дүниеге келген жастар біздің елімізде демографиялық Өрлеу болған кезде. Жас қазақстандықтардың бұл буыны жақын арада жоғары оқу орындарын бітіріп, еңбек нарығына шығады. Президент Жолдауында келесі жылы жастар үшін жүз мың қосымша жұмыс орны ашылатынын мәлімдеді», — деді Жұмағали Білісбеков.

Предыдущая запись
Представители НПО обсудили Послание
Следующая запись
Дұрыс ұстанымдағы жастар тура жолдан адаспайды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню