Шымкент тұрғыны ойын приставкаларын жалға алып, ломбардқа өткізіп жіберген

Теги: ,
321

Полицияға арызданушының айтуынша, ғаламторда орналастырған хабарламасы арқылы бейтаныс азамат одан ойын приставкасын бір тәулікке жалға алған. Келесі күні, жалдау уақыты біткен соң, ер азамат байланысқа шықпай қойған және алған затын қайтармаған. Дәл осыған ұқсас арызшағымымен бірнеше күннен кейін тағы бір қала тұрғыны полицияға жүгінді. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 млн 200 мың теңгені құрады. Полицейлер «бірнеше рет жасалған алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тәртіп сақшылары алаяқтық жасаған адамды көз ұзамай анықтап, ұстады. Ол ойын приставкаларын ломбардқа өткізіп жібергені белгілі болды.

Тергеушілер істі айыптау актісімен сотқа жолдады. Айта кетейік, Қылмыстық кодекске сәйкес аталған қылмысты жасау мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Предыдущая запись
При оформлении пособий и выплат на eGov.kz стало доступно автоматическое получение спецсчета
Следующая запись
Жизнь в черно-белом цвете: фронтовик, прославивший Казахстан как фотохудожник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню