280
Шымкентте №15 мектеп ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар келіп түсті. Мұндай ақпаратты сағат 11.40-та білім мекемесіне хабарласқан белгісіз ер адам айтқан.
Қалалық білім басқармасындағылар бұл жалған қоңырау болып шыққанын айтты.
Жарылғыш зат туралы ақпарат келіп түсе салысымен мектеп ұжымы оқушыларды эвакуациялаған. Балалар үркіп қалмас үшін мұғалімдер бұл оқу-жаттығу жұмыстары деп ескертіпті.
Мектепке келген полиция қызметкерлері мен саперлар ғимараттан ешқандай бомба таппаған.
Қазіргі таңда білім ұясы әдеттегідей сабақ беруді жалғастырып отыр.