Шымкенттік полицейлер тұрғындарға ән-шашу арнады

Теги: , ,
240

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала орталығында концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Тәртіп сақшыларының әсем әнін тыңдау үшін еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін жиналды. Шара барысында полицейлер тұрғындарды атаулы мерекемен құттықтай отырып, түрлі жанрда ән шырқады.

Мегаполис полицейлерінің өнеріне тамсанған тұрғындар, қоңыр үнді әншілерге қосыла кетті. Осы тұста, арнайы білімі болмаса да музыканы жанына серік еткен полиция аға сержанттары Абигалиев Ербол , Ермекбаев Бахтияр, Акпаров Руслан сынды тәртіп сақшылары бар өнерлерін ортаға салды. Халықтың ыстық ықыласы мен полицейлердің ізгі ниеті ұштасқан жиын сәтті аяқталды, деп хабарлайды Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

Шымкент қалалық полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлерінен құралған «Полиарт» тобы шағын концерт ұйымдастырды. Карантинде үйде отырған шаһар тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мақсат тұтқан онлайн концертті көрермен жылы қабылдады.

Естеріңізге салар болсақ, аталған үштік 8 наурыз мерекесі карсаңында қаламыздағы Арбатта нәзік жандыларға арнап ән шырқап, тұрғындардың сүйіспеншілігіне ие болған.

Полицейлер тікелей эфирде көрермендердің сұранысы бойынша жеті ән шырқады. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері азаматтарды төтенше жағдай режимін және барлық сақтық шараларын сақтауға шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тікелей эфир кезінде көрермендер талантты орындаушыларға алғыстарын білдірді.

Предыдущая запись
В Нур-Султане призвали на сборы военнообязанных из запаса
Следующая запись
Шымкенттік полицейлер Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару ұрлағандарды ұстады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню