Түркістан облысы: ескі көлігі мен ауыл шаруашылық техникасын утилизацияға өткізгендер ақшасын ала алмай жүр

Теги: ,
162

Жылдың басында техникасын утильге тапсырғандар екі күннің ішінде ақшасын алуы тиіс болған екен. Бірақ әлі күнге сенделіп жүргендерін айтады. Ескі техникаларды қабылдайтын орынның алдына жиналғандардың арасында әсіресе, комбайны мен тракторын өткізгендер қатты қысылып тұр. Айтуларынша, трактор өткізгендерге 1 млн. теңге, ал комбайн тапсырғандарға 2 млн. теңге жеңілдік болады деп қолдарына сертификат ұстатқан екен. Алайда, көктемгі егіс кезінде жаңа техникамен жұмыс істейміз деген қуаныштары су себепкендей басылып қалыпты. Тиісті орталық сертификатымызды қабылдамай қойды, деп шарасыз шаруалар.

Бақтияр Исаев, Түркістан облысының тұрғыны:

«Жасыл дамуға» өтті, үшінші ай біздің хабар күтіп жүргенімізге. Егерде біз қазір мына сертификатпен барып тракторды алмасақ, халық жұмыссыз қалады. Халықтың қолында дәл қазір 500ден астам сертификат бар. Оның құны шамамен — 800 миллион. Ол сертификаттардың жарамды мерзімі де таяп қалды. Тезірек мәселені шешіп бермесе түкке жарамсыз қағаз болып қалмақ. Одан бөлек біздің утилизацияға жіберген жеңіл автокөліктеріміз де бар. Оның ақшасын ала алмай жүргенімізге төрт айдан асты. Бізге нақты жауабын айтса екен тезірек. Бұл өзі жүретін жұмыс па, жоқ босқа күтіп жүрміз бе?..Ауыл шаруашылық техникасын тезірек алмасақ бәрі күйіп кетейін деп тұр.

Жауапты «Жасыл даму» болғалы нақты бір жауап алу қиын болып қалды деді жиналғандар. Алғашында «күтіңдер» деген жауаппен тоқтатып жүргендер ақыр аяғы телефонға жауап беруді қойды дейді.

— «Ескі көліктер экологияны бүлдіріп жатыр, өткізіңдер» — дегесін жүріп тұрған ескі автокөлігімді әкеп өткізгенмін. Одан бөлек тракторымды тапсырдым, 4 пайыздық жеңілдікпен жаңа машина алып алайын деген оймен. Бірақ техникаға берілген сертификатымды ешкім қабылдамады. 10-қаңтардан бері күтіп жүрмін.Ал бізге ақшаларыңды екі күн ішінде аласыңдар деген. Бұл жерде халықпен жасасқан келісім шарт орындалмай жатыр. Қазір енді ескі көлігім де жоқ, жаңасын да ала алмай сандалып жүрмін. Бұлай созыла берсе 4 проценттік жеңілдікке де іліге алмайын деп тұрмын, -деді Шәкіржан Юлдашев есімді тұрғын.

Шарасызбыз деген шаруалар қол жинап, бас қалаға дейін барамыз деп отыр. Немесе әлдеқашан мыжылып кеткен техникаларымызды қайтарсын деген талап қоюда. Ал утилизацияға жауапты «Жасыл даму» АҚ өкілдері болса, туындаған бұл қиындықтарды РОП операторына қатысты қозғалған қылмыстық іспен байланыстыруда. Бұл уақытша мәселе екенін ескерткендер түйткілдің түйіні таяуда шешіледі деп сендірді.

«Жасыл даму» АҚ және министрлік тарапынан да бұл мәселенің оң шешілуіне байланысты нақты іс-шара атқарылып жатыр. Осы жақын арада мерзімі өтіп кеткен немесе мерзімі өтуге жақын сертификаттардың мерзімі ұзартылатын болады. Және Олан бөлек қазір күрделенген мәселелердің бәрін осы айдың аяғына дейін түпкілікті шешу көзделіп отыр,-деді «Жасыл даму» АҚ бөлім басшысы Талғат Маханов.

Предыдущая запись
В Казахстане началась Франкофонная Весна
Следующая запись
Батыс Қазақстан облысы: үш ауданда төтенше жағдай жарияланды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню