268
Төлеби ауданының тұрғыны мұны банктен «қарызыңызды өтеңіз» деп хабарласқанда бір –ақ білген. Айтуынша, оның ауылдас танысы ұялы телефонын пайдаланып, банктік қосымшасы арқылы 560 000 теңге, шағын несие беру ұйымынан 79 000 теңге несие рәсімдеген.
Полицейлер «алаяқтық» әрекет жасаған азаматшы жылдам анықтап, ұстады. Анықталғанындай күдікті жас әйел мұндай қадамға тұрмыстық қажеттілік үшін барғанын айтқан. Ол рәсімдеген несиені өзінің банк шотына аударып алған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.