Түркістан облысы: ұрлықты отбасылық «бизнес» қылғандар ұсталды

Теги: ,
235

Қылмыстық топ негізінен облыстың Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Сарыағаш аудандарының аумақтарына ұрлыққа түскен. Олардың терезеден түсу арқылы бүгінге дейін 70 пәтерді тонағаны белгілі болып отыр.

Полиция қылмыскерлерді аудан орталықтары мен ауылдардағы ұрлық әдістерін салыстырып, қаланың ломбардтарына ұсынылған тауарлары арқылы анықтағандарын айтады. Қылмыстық топты 26 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны ұйымдастырған. Ол ұрлық жасауға өзінің таныстары мен туыстарынан тұрақты топ құрып, әрқайсына рөлдер бөліп берген.

«Ұрлықты кәсіп қылғандар міндетті түрде үй иелерінің күн тәртібін зерттеген. Үйде ешкім жоғын пайдаланып, терезе арқылы түсіп отырған. Ол жерден алып шыққан заттарды күйеу баласы алдын ала жоспарланған қозғалыс бағыты бойынша өзінің жеке көлігімен бірден алып кетіп отырған. Әрі қарай ұйымдастырушының анасы мен жұбайы ұрланған мүлікті ломбардтарға өткізіп, түскен пайдасын өзара бөліскен. Түркістан облысы тұрғындарына бүгінге дейін келтірілген залалдың жалпы сомасы 100 млн теңгеден асты», — деді Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлнәр Әбдірахманқызы.


Тінту барысында бұзуға арналған 32 түрлі монтаж-құрылғылар, басты кілттер, 52 зергерлік бұйым, 106 кепіл билеті және күдіктілер ұрлаған заттарын тасымалдаған автокөлік тәркіленді. Ұйымдастырушы және топтың екі мүшесі Түркістан облысы ПД Қазығұрт аудандық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тағы бір күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі сотқа жіберу үшін тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Предыдущая запись
Репрессии: 42 темиртаусца были приговорены к расстрелу
Следующая запись
Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс сотқа түсті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню