466
Полицияның дерегінше, жол көлік апаты 19-маусым күні болған.
Оқиға орнына бірден Түркістан облысы ПД Анықтау басқармасының бастығы М.Ермеков мен прокуратура басшылығы, жедел тергеу тобы шықты, деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы.
Анықталғандай, Жетісай бағытына жүріп бара жатқан «BMW 525i» маркалы көлік тас жолдың оң жақ жиегіне түсіп кеткен. Салдарынан көлік жүргізушісі мен көліктегі жолаушы жас жігіт, екі жас қыз, яғни 4 адам қайтыс болған. Оқиғаның толық мән-жайы тергеп-тексеру барысында анықталатын болады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен тіркеуге алынды. Сараптама тағайындалды.
Айта кетейік, автокөлікте болған бесінші жолаушы аман. Жан сақтау бөліміне түскен 19 жастағы қыз бүгін жарақат бөліміне ауыстырылған.