Түркістан облысы: жасөспірім ит тістегеннен кейін бір жылдан соң қайтыс болды

Теги: ,
219

14 жастағы баланың аяғын былтыр көшеде белгісіз ит тістеген. Алайда ата-анасы медициналық көмекке жүгінбеген. Үйде өз беттерінде емдеумен айналысқан. Өлімнің болжамды себебі-құтырма ауруы. Оқушыны құтқаруға болатын еді, -деді Түркістан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департамент мамандары.

Бір жылға жуық білінбеген ауру белгілері тек биылғы сәуірдің басында ғана мазалай бастаған.

«Жасөспірімде 7 сәуірде клиникалық белгілер пайда болған: қорқыныш, үрей, дене температурасының жоғарылауы, сүйектер мен жарақат алған жердің ауырсыну, су ішу кезінде ауаның жетіспеушілігі және жалпы әлсіздік. Келесі күні олар тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінген, дәрігерлер оған сүйек ауруына қарсы емдеу тағайындаған.

Оған қарамастан баланың жағдайы нашарлай берген. Бала бел тұсындағы ауруларға шағымдана бастайды. Баласына ем-дом іздеген ата-ана жеке клиникаларға ғана емес, дәстүрлі емес медицина өкілдеріне де жүгіне бастаған.

УДЗ өткеннен кейін жасөспірімде бүйректегі қабыну анықталып, соған сәйкес ем алған. Бірақ баланың беті қарамаған: балада ентігу, гидрофобия, аэрофобия пайда болған», деп хабарлады департамент өкілі.

Жағдайы күрт нашарлаған бала 10 сәуірде жедел жәрдем көлігімен аудандық ауруханаға жеткізілген. Жұқпалы аурулар бөлімінде оған құтырма диагнозы қойылды. Сол күннен бастап барлық отбасы мүшелері медициналық бақылауға алынды. Алайда сегізінші сынып оқушысын аман алып қалу мүмкін болмады. Ол келесі күні – 11 сәуірде көз жұмды, -деді департамент бастығының орынбасары Бақтыораз Елемесов.

Мамандардың мәліметінше, ит тістеннен кейінгі адамда инфекцияның инкубациялық кезеңі 12-ден 100 күнге дейін созылады. Ал 1 жылға дейін созылуы сирек жағдай екен. Сондықтан төрт аяқты жануар тістегеннен кейін елеусіз жарақаттың өзі бірден пайда болмауы мүмкін деп ескертеді.

Предыдущая запись
Проводится расследование хищения 20,5 млрд тенге, выделенных на модернизацию НПЗ
Следующая запись
Түркістан облысы: Сайрам ауданының тұсында болған жол апатына жүргізуші кінәлі болуы мүмкін

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню