Түркістан облыстық Полиция департаментіне қарасты Криминалдық полиция басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен мемлекеттік мекеме басшысын ұстады.
Ведомства мәліметінше, Криминалдық полиция басқармасына Келес ауданының тұрғыны шағымданған. Яғни, арызда көрсетілгендей, мемлекеттік мекемедегі бөлім басшысы қызметтік жағдайын пайдалана отырып, оның жұмыс орнын сақтап қалуы үшін үлкен көлемде ақша талап еткен.
«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Орын алған қылмысты ашу мақсатында криминалдық полиция басқармасы, жедел қимылдайтын арнайы жасақ пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізді. Жедел уәкілдер Келес ауданы Абай кенті көшелерінің бірінде күдіктіні қылмыс үстінде ұстады. Яғни, ол жәбірленушіден миллион теңге алған кезде қолға түсті. Тінту кезінде полицейлер ұсталған тұрғыннан заттай дәлел ретінде ақша тәркіледі»,-делінген Полиия департаменті мәліметінде.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.