Түркістан: Жетісайдың қауындары ресей нарығына жол тартты

Теги: ,
346

Түркістан облыс, Жетісай ауданының шаруалары биыл 78 мың гектар суармалы жердің 49,5 мың гектарына мақта шитін сепсе, 17 мың гектар жерге бақша, 3,5 мың жерге дәндік жүгері, 2,3 мың га жерге көкөністер мен тағы басқа дақылдарды еккен. Бақша дақылдарының алғашқы өнімдері –қауын-қарбыз пісіп, ішкі нарықпен қатар Ресейге де экспортталып жатыр.

Жетісай ауданының тұрғыны Қобыланды Түймешев 30 жылға жуық уақыттан бері диқаншылықпен айналысып келеді. Жаңа ауыл ауылдық округіндегі 150 гектар жеріне түрлі дақылдарды егіп жүр. Дихан биыл да өнімін өзгелерден ерте нарыққа шығарып отыр. Ол 100 гектарға қауынның «Дакар», «Аэропорт», «Бакинка», «Эфиопка» сынды сұрыптарын егіп, оның 20 гектарынан өнім жинауды бастады. Ақпанның соңында отырғызылған көшеттер жоспардағы 65 күнде емес, ауа-райының жауын-шашынды болуы салдарынан 90 күнде пісіпті. Енді сұранысқа сәйкес Ресейдің Мәскеу, Самара қалаларына экспорттап жатыр.

– Биыл қауынымыз жылдағыдан сәл кештеу пісті. Сұраныс та жақсы. Ағын судан қиыншылықтар болғанымен, тапшылық сезілмеді. Алғашқы өнімдерімізді Ресейге экспорттап жатырмыз. Өнімді ешқандай делдалсыз, егістік басынан өзіміз көліктерге тиеп, жөнелтудеміз. Баға да жаман емес, 800 теңгеден жоғары, – дейді «Әділет» шаруа қожалығының төрағасы Қобыланды Түймешев.

Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияровтың мәліметінше, 7 мың гектардан астам суармалы жері бар округте бүгінде 5 мыңнан астам гектарға мақта шиті себіліп, 45,5 гектарға көкөніс, 1 163 гектарға бақша дақылдары егіліпті. Оның ішінде пленка астына егілген қауынның көлемі 978 гектарды, ашық топыраққа егілген қауын 225 гектарды құрап отыр. Ал 220 гектарға қарбыз егілген.

Предыдущая запись
Лес горит в Восточном Казахстане
Следующая запись
Шымкент: мұғалім түрмеге телефонды іш киіміне жасырып кірмек болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню