356
Жетісай ауданында егде жастағы тұрғын танысына сенемін деп алаяқтың құрбаны болды. Бар жиған-тергенінен айырылған ол полицейлерден көмек сұраған. Жәбірленші өз арызында танысы сеніміне әбден кіріп, зейнеткерлікке шығарып беруге уәде еткенін көрсеткен. Ол үшін 1 миллион 637 мың теңгесін алып, сол күйі хабарсыз кеткен. Арада жарты жылдан астам уақыт өткен соң ер кісі полицияға шағым түсіруге бел буыпты.
Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер аталған факт бойыша Қылмыстық кодекстің 190-бабымен (Алаяқтық) іс қозғалғанын, жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде алаяқтық жасаған әйел ұсталғанын айтты. Ол Шымкент қаласының тұрғыны екен. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.