Жаңа Жетісу облысының өз төлтаңбасы пайда болды

291

Жетісу облысының өңірлік гербі конкурс нәтижесінде іріктелініп анықталды. Конкурсқа суретшілер, фотографтар, дизайнерлер, архитекторлар және қарапайым қала тұрғындары да қатысты. Жалпы 17 үміткерден 55 эскиз түсті.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мәліметінше, өлкенің тарихи-мәдени және географиялық ерекшеліктерінің көрсетілуі, жоғары көркемдік деңгейі, бірегей дизайндық шешім, түстердің үйлесімділігі мен геральдика талаптарының сақталуы бағаланды.

Конкурстық комиссия мүшелерінің шешімімен Жетісу облысы Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының әскери патриоттық жұмыс және Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс жөніндегі көмекшісі, сонымен бірге, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркем академиясының корреспонтент мүшесі, вице президенті Дәуренбеков Есет Жеңісұлының эскиз жобасы бірауыздан таңдап алынды.

Өңірлік төлтаңба Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекеттік рәміздер және геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінде сараптамадан өтіп, облыстық мәслихатта келісілді.

Жер жаннаты Жетісу облысының гербі шеңбер ішінде орналасқан, Мемлекеттік Тудың көк және алтын түсіне негізделіп құрылды.

Негiзгі нышандардың бірі – шаңырақ, Жетісу жерінің асқарлы, биік таулары, Талдықорған қаласының символы «Жетісу монументі», Ұлы Жібек Жолының нышаны – керуен көші, жеті өзен, Балқаш, Алакөл көлдерінің айдыны бейнеленген.

Предыдущая запись
Новая Жетысуская область обзавелась собственным гербом
Следующая запись
Более 550 безработных жительниц Шымкента получили новую профессию бесплатно

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню