Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында 16 қараша күні қонақ үйден ер адамның мәйіті табыды. Бұл туралы Абай ауданының полициясына таңғы уақытта хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, 35 жастағы азаматтың мәйітін анықтады.
Polisia.kz жазуынша, қонақ үй бөлмесінде жәбірленушіден бөлек 28 жастағы бойжеткен де болған. Ол осы ауыр қылмысқа қатысы бар екенін мойындады.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта материалды толық жинауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Іс бойынша сот сараптамалары кешенінің нәтижелеріне сәйкес, заңды процестік шешім қабылданатын болады.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігінің санкциясына сәйкес, кісі өлтіру, яғни басқа адамға заңсыз қасақана өлім келтіру – сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.