Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы қызметтік іс – сапармен Жаңаөзен қаласындағы әскери бөлімге келді

398

Ағымдағы жылдың 23 ақпанында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысыгенерал – майор Ботаканов Еркін Советбековичқызметтік іс-сапармен Жаңаөзен қаласындағы 5548әскери бөлімінде болды.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысын, өңірдегі құқықтық тәртіптің ақуалымен және әскери бөлімнің тұрмыс тіршілігімен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал – майор Арман Жумагалиев және 5548 әскери бөлімінің командирі подполковник Санат Табетов таныстырды.

Бөлім командирі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысына әскери бөлімнің қызметтік – жауынгерлік іс әрекетін және Жаңаөзен қаласының қоғамдық тәртібін қамтамасыз ету үшін жұмсалатын күш – құралдардың саны мен көлемітуралы баянат жасады. Іс – сапар барысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал – майор Еркін Ботаканов сарбаздардың асханасын, әскери бөлімнің оқу – жаттығу объектілерін және сарбаздардың казармаларын аралап әскери бөлімнің жауынгерлік дайындығына жоғары баға беріп, әскери бөлімнің жеке құрамы Жаңаөзен қаласындағы қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті лайықты деңгейде қамтамасыз ете алатындығынасенім білдірді.


Кездесу соңында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал – майор Арман Жұмағалиев сенімі үшін Ұлттық ұлан бас қолбасшысына жеке құрам атынан алғыс айтып,  «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы ел қауіпсіздігін нығайтуға әрқашан өз үлестерін қосуға дайын екендігін жеткізді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік

қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Алдыңғы пост
Yandex Go қосымшасында арнайы мүмкіндіктер экраны пайда болды
Келесі пост
Шымкентте көктемнің алғашқы күнімен әскерге шақыру науқаны басталады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu