Шымкенттегі Бәйдібек би-Арғынбеков қиылысындағы жолайрық 2023 жылы пайдаланылуға беріледі

597

​Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы 2021 жылы басталды. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, нысанды пайдалануға беру 2023 жылдың желтоқсан айына жоспарлануда, деп хабарлайды Шымкент қаласының әкімдігі.

Жобаға сәйкес, жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде Арғынбеков көшесі, жоғарғы деңгейде Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады.

Екі ірі магистралды жолдардың қиылысындағы жолайрық құрылысы еліміздің үшінші мегаполисі тұрғындары мен көлік жүргізушілеріне маңызы бар нысан болып табылады. Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесі қаланың оңтүстігі мен солтүстігін, батысы мен шығысын жалғастыратын негізгі магистралды күре жолдары.

Жолайрық құрылысы аталған көшелердегі көлік өткізгіштік қабілетін арттырады. Мысалы, 2016 жылы жасалынған өлшеулерге сәйкес, аталған қиылыстағы Бәйдібек би даңғылы арқылы қозғалу жиілігі тәулігіне 24,3 мың авто, 2019 жылы 33,4 мың автокөлікке көбейген. Арғынбеков көшесі бойынша тәулігіне 22,6 мың авто, 2019 жылы 31,9 мыңға көбейген.

Жолайрық құрылысын пайдалануға берген жағдайда Бәйдібек би даңғылы арқылы қозғалыс жиілігі 60 мың авто/тәулікке, Арғынбеков көшесі арқылы 55,6 мың авто/ тәулікке артады.

Алдыңғы пост
Қ​алалық «Жайдарман» ойындарының финалдық кезеңі өтті
Келесі пост
Шымкентте спорттық гимнастикадан ҚР чемпионаты басталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu