Қ​алалық «Жайдарман» ойындарының финалдық кезеңі өтті

Теги:
347

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен дарынды жастар арасында «Жайдарман» ойындарының финалдық кезеңі өтті.

Аталған жобаның мақсаты – жастар арасында белсенділігі жоғары, «Жайдарман» ойындары арқылы жастардың интеллектуалды ойлау қабілетін арттыру, оларды ұлтжандылық пен шығармашылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру болып табылады. Жайдарман ойындарының мән-мағынасын, салмақты әзілдерді қолдану аясын түсіндіру және өскелең ұрпақты мәдениеттілікке баулу.

Жалпы аталмыш сайыстың маусымашар кезеңіне 33 команда қатысып, бүгін финалдық кезеңге жолдама алған 6 команда яғни, «Ақбұлақ», «NO COMMENTS», «Тамыр», «Бәрекелді кірпі», «Абырой», «Төле би» командалары өнер көрсетті.

Ойын барысында, екі сәлемдесуде 6 команда жекпе-жек ойын көрсетті. Атап айтқанда: «Ақбұлақ» және «NO COMMENTS» командалары, «Тамыр» және «Бәрекелді кірпі» командалары, «Абырой» және «Төлеби» командалары.

Жеңімпаз 3 команда финалдық ойында өз өнерін көрсетіп, нәтижесінде «Абырой» командасы жеңімпаз атанды, ІІ орын – «Бәрекелді кірпі» командасы, ІІІ орын – «NO COMMENTS» командасына бұйырды. Ал үздік ойыншы номинациясын «Бәрекелді кірпі» командасының ойыншысы Олжас Уалиханов иеленді.

Алдыңғы пост
​Ұлытауда жолаушылар автобусы аударылып, бір адам көз жұмды
Келесі пост
Шымкенттегі Бәйдібек би-Арғынбеков қиылысындағы жолайрық 2023 жылы пайдаланылуға беріледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu