Аналарының туған күніне деп ақша жинап, су жаңа iPhone 14 Pro ұялы телефонын алып берген оқушы қыздар жұртты тәнті етті. Байланыс құралын сатып алу сәтінің видеосын сатушы видеоға түсіріп алған. Бейнежазбаны ТікТок қолданушысы парақшасында жариялады.
«Қайырлы кеш, достар! Бүгін біздің ең кішкентай клиенттеріміз Айшат пен Ділшат «копилкаға» ақша жинап, аналарының туған 256 гб-тық iPhone 14 Pro сыйлап жатыр. Аналарын туған күнімен құттықтаймыз»,-дейді видео авторы.
Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары оқушы қыздардың бұл сыйлығына риза болды.
«Керемет, өркендерің өссін», «Жарайсыңдар, бақытты болыңдар», «Алтын қыздар ғой», «Не деген бақытты ана», «Келешек кәсіпкерлер дайын», «Мәссаған, сонда күніне қаншадан жинады екен? Осылар құрлы жоқпыз», «Қандай керемет тәрбие. Тіл-көзден сақтасын. Ақылды өздері, қазағымның әрбір қызы осылар секілді болсын» деп жазды желі қолданушылары.