​Ер кісі тұрғын үйін заңсыз алтын өңдейтін цехқа айналдырған

Теги:
385

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының полицейлері құрамында бағалы металдар бар шикізатты, тастарды заңсыз өңдеумен айналысатын жерасты цехының қызметін тоқтатты.

Жеке тұрғын үйді тексеру кезінде электрлік ұнтақтау диірмені, ұнтақталған кеннің қалдықтары, елек, магнит, таситын арбалар, күректер, сынапты сұйықтық, 2 үлкен қазандық және 10 тоннаға жуық алтын кені табылды.

Қоймада 30 және 58 жастағы екі жұмысшы болған. Ұсталғандардың айтуынша, олар ақылы түрде жұмыс жасаған.

Полиция қызметкерлері цехтың қожайыны болып табылатын 37 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы 1-бөлігі (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жамбыл обылстық Полиция департаментінің қызметкерлері мемлекетке келтірілген залал көлемін анықтауда. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Алдыңғы пост
​Жетісайда екі көлік соқтығысып, бірі аялдама жанындағы тамақтану орнын бұзып өтті
Келесі пост
​Аналарының туған күніне айфон сатып алған кішкентай қыздарға жұрт риза болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu