Түркістан облысы Төлеби ауданында тұратын жұмыссыз әйел бір топ жерлесін сан соқтырып кетті. Полицияға жәбірленушілердің бірі хабарласқан. Оның айтуынша, сырттай танысы мүгедектікке шығарып беремін деп сеніміне кіріп, өткен жылдың желтоқсан айында 300 мың теңгесін алған. Арада 1 жылға жуық уақыт өтсе де уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай қойған.
Облыстық Полиция департаментіндегілер дәл осындай арызбен тағы бірнеше әйел шағым түсірген атап өтті. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркелді.
«Келіп түскен ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталып, поилцияға жеткізілді. Ол жұмыссыз әйел, жергілікті тұрғын болып шықты. Бұл алаяқтық қылмысы бойынша жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілді. Күдікті әйелдің 11 тұрғынды алдап, 6 миллион теңгеден аса қаражат алғаны белгілі болды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті ведомстводан.