Шымкент әкімі әкімшілік-істерлік орталықтағы үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты

Теги:
185

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов жаңадан бой көтеріп жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.

Әкімшілік-істерлік орталықтағы Арғынбеков көшесі бойында салынып жатқан №1 және №4 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. 2020 жылдың аяғында басталған құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Әрбір үйдің аумағы 3 518,43 шаршы метр. Тұрғын үй 1,2,3 бөлмелі 54 пәтерден тұрады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, әкімшілік-іскерлік орталығында 9 қабатты 8 тұрғын үй салынуда. Бүгінде оның төртеуі пайдалануға берілді, қалған төрт үйде құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда. 432 пәтердің жалпы аумағы 23 820 шаршы метрді құрайды.

Бүгінде тұрғын үйлердің инженерлік желілері 75 пайыз, лифт – 10 пайыз, ішкі әрлеу 95 пайызға, сыртқы әрлеудің 90 пайыз жұмыстары аяқталған.

Құрылыс жұмыстарының барысын қадағалаған қала әкімі жұмысты осы айдан кешіктірмей аяқтауды және абаттандыру жұмыстарында орын алған олқылықтарды реттеуге тапсырма берді.

Алдыңғы пост
Үш ауысымды мектептер мәселесі бір жылдан кейін толығымен шешіледі
Келесі пост
Екібастұзда целлофанға оралған «мәйіт» орнынан тұрып, қаша жөнелді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu