Сайлау күні қоғамдық пікірге сұрау салуды кімдер жүргізетіні белгілі болды

Теги: ,
394

2022 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 7 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізетіні туралы хабарлар келіп түскен. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық сайтында жариялады. Олар:

1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты) – “face to face” сұхбат сауалнамасы әдісі, телефон сауалнамасы (CATI);

2. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі – “face to face” сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);

3. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы – Профильді онлайн платформаны қолдана отырып, “face to face” сұхбат алу әдісі;

4. «Демократия институты» Ғылыми-зерттеу қауымдастығы – “face to face”сұхбат әдісі;

5. Астана – Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты ОФ ИКСИ «СОЦИС-А» – дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);

6. Исследовательская группа DAMU RG – CAWI сауалнама әдісі (Computer Assisted Web Interviewing);

7. «Ашық қоғам» аймақтық зерттеулер халықаралық институты – дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll).

Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарлар туралы ақпарат олардың келіп түсуіне қарай Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылатын болады.

Алдыңғы пост
​18 жасар бойжеткен жолда тұрған көлікті айдап әкетіп, жол апатына түсті
Келесі пост
Экология министрі шымкенттіктермен табиғатты қорғау мәселелерін талқылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu