Шымкентте гүл сататын дүкенде жанжал шығарған тұрғын қазақ елінен кешірім сұрады

Теги: , , ,
312

Шымкентте гүл сататын дүкенде жанжал шығарып, сатушыны балағаттаған тұрғын қазақ елінен кешірім сұрады. Оның айтуынша, ол бұл кезде ішімдік ішіп, масаң күйде болған. 

Құқық бұзушының жұртшылықтан кешірім сұраған видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.

«8 тамызда түнгі сағат 3-тер шамасында Байтұрсынов көшесі бойындағы Romantic сауда дүкеніне барып, гүл алып, мас болып балағаттаным рас. Бүкіл қазақ елінен кешірім сұраймын. Мен ешқандай да прокурордың баласы емеспін, туыстарым да прокуратурада істемейді. Әкемнің қайтыс болғанына 32 жыл болды, анам – зейнеткер»,-дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін гүл дүкеніндегі жанжалдың видеосы желіде пайда болғаны туралы жаздық. Видеодан үш ер адамды көруге болады. Оның бірі дүкен алдында дәрет сындырады. Кейін олар ішке кіріп, әлгі ер кісі сатушыға боқтық сөзді қарша боратады. Онымен қоймай үстел үстіндегі қайшыны қолына алып, сатушыға тап бермек болады. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта жанжал шығарған адам прокурордың ұлы екені туралы жазылды. Алайда Бас прокуратура бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, құқық бұзушы 1990 жылы туған Түркістан облысының тумасы,. Шымкент қаласында тұрады. Ол сот қаулысымен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабына сәйкес “ұсақ бұзақылық” 7 тәулікке қамауға алынды.

Алдыңғы пост
«Қазақстан нейрохирургиясы көршілерден әлдеқайда дамып кеткен»
Келесі пост
Елімізде Абай атындағы 1441 көше мен 99 мектеп бар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu