​Қариялардың зейнетақысын ұрлаған қарттар үйінің директоры сотталды

Теги: ,
385

Қарағанды облысы Абай қаласындағы қарттар үйінің директорына сот үкімі оқылды. Оған қариялардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлады деген айып тағылған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті “Qamqor” жедел алдын-алу шарасы аясында қарттар үйінің қамқорлығындағы 90 адамының қаражатын ұрлау фактісін анықтаған болатын. Олардың 30-ы мүмкіндігі шектеулі жандар болса, 60-ы зейнеткер.

Сот үкімімен директор кінәлі деп танылып, 2 миллион теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Агенттіктің мәліметінше, бұдан өзге оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға тыйым салынды. Сондай-ақ, мемлекеттік мекеменің әлеуметтік жұмыс жөніндегі екі маманына, Абай қаласының Қазпошта бөлімшесінің қызметкеріне өзінің қызметтік жағдайын пайдалану арқылы алдау және теріс пайдалану жолымен өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін үкім оқылды. Үшеуі де кінәлі деп танылып, оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазаын арқалады. Жазаны өтеудің мерзімінде мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, пробациялық бақылау белгіленді.

Алдыңғы пост
​Дүкен сатушысы саудадан түскен қомақты ақшаны өз қалтасына басқан
Келесі пост
Шымкентте Қ.А.Яссауи ілімін жалғастырушы, түрік жұртына танымал ақын-жазушы Юнус Эмреге ескерткіш ашылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu