Көлік жүргізушісінің кінәсінен 600-ден астам үй газсыз қалды

318

Шымкентте жеңіл көлік жүргізушісінің кінәсінен 600-ден астам үй көгілдір отынсыз қалды. Оқиға бүгін, 30 желтоқсанда таңғы сағат 05:31 шамасында Құрсай шағын ауданында болған. Opel Vectra жүргізушісі тізгінді басқара алмай, жоғары қысымды газ құбырына соғылған. Polisia.kz жазуынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан 612 жеке тұрғын үй мен бір өнеркәсіптік кәсіпорын газсыз қалды.

Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы (Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзуы, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуі) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған материалдар   мамандандырылған сотқа жіберіледі. Автокөлік жүргізушісінен газ компаниясына келтірілген материалдық шығын сот тәртібімен өндірілетін болады.

Алдыңғы пост
ХҚКО-ға жұмысқа тұрмақ болған шымкенттік 1,2 млн ақшасынан айырылды
Келесі пост
Астанада ер адам танысының жаңа көлігін өртеп жіберді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu