​Дүкен сатушысы саудадан түскен қомақты ақшаны өз қалтасына басқан

Теги: ,
473

Астанада құрылыс дүкенінің сатушысы алаяқтық жолмен клиентті алдап келген. Полицияға жергілікті тұрғындардың бірі арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, сатушы алаяқтық жолмен ақшасын иемденіп алған. Бұл қылмысқа күдікті ретінде 46 жастағы әйел ұсталды.

Белгілі болғандай, жәбірленуші құрылыс дүкеніне бөлмеаралық есіктерді сатып алу үшін келген. Содан өзіне ұнаған есіктерді таңдаған. Ал ақшасын төлейтін кезде сатушы өзінің жеке есепшотын айтып, ақшаны сонда аудартқан. Келтірілген жалпы шығынның көлемі 4 млн 200 мың теңгені құрады.

«Тергеу барысында күдіктінің Тұран даңғылының бойындағы құрылыс дүкенінде сатушы болып жұмыс істегені анықталды. Аталған фактіге сәйкес «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматша кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда» деп атап өтті қалалық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
​7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған ер кісі іші алып тағы рөлге отырды
Келесі пост
​Қариялардың зейнетақысын ұрлаған қарттар үйінің директоры сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu