81 тонна спииртті заңсыз өндірумен айналысқан кәсіпкер ұсталды

205

Шымкент қаласында спирт зауытының қызметін тексеру барысында, 81 тоннадан астам есепке алынбаған спирт өндіру бойынша заңсыздық анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

Есепке алынбаған спирт суррогат алкоголь өнімін өндіретін адамдарға сатылған.

Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жоспарын орындау аясында өткен шаралар нәтижесінде, мереке және демалыс күндері (сенбі және жексенбі) есепке алынбаған спиртті заңсыз тиеп-жөнелтудің фактілері тіркелді, бұл этил спиртін сақтау және өткізу ережесін бұзуға әкеп соққан (ҚР ҚМ 20.02.2015 ж. “Этил спиртін сақтау және өткізу(тиеп-жөнелту, қабылдау) ережесін бекіту туралы” бұйрығы).

Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында аталған спирт зауытының басшысы ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментінің лауазымды тұлғасына алкогольді заңсыз сатумен және қылмыстық жауапкершіліктен босатудағы жалпы қамқорлығы үшін 20 000 АҚШ доллар бір реттік төлем мен ай сайын 1 000 000 теңге сомасында пара ұсынған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Алдыңғы пост
Қазақстандық студенттерге жаңа стипендия тағайындалады
Келесі пост
Лауазымды тұлғаны 15 млн теңге парамен сатып алмақ болған кім? 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu