​Алматыда үш әйел қоғамдық автобустарда телефон ұрлауды кәсіп етіп келген

Теги: ,
368

Алматыда үш қалта ұрысы ұсталды. Оның үшеуі де әйел азаматтары. Олар Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындары екен. Күдіктілер көбіне Райымбек даңғылымен жүретін автобустарда ұрлықпен айналысқан. Кезекті қылмыс қоғамдық көлік ішінде орнатылған бейнекамераға түсіп қалған. Ұрлық дерегі Қылмыстық кодекстің 188-бабымен тіркелді.

«Ұсталғандардың бірі – 1985 жылы дүниеге келген азаматша. Ол полицияда «ұры» ретінде тіркелген. Бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Оның сыбайластары 1985 және 1986 жылы дүниеге келгендер. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Сонымен қатар ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатырмыз», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Алдыңғы пост
Әлеуметтік әмиянның алғашқы екі цифрлық қызметі 2023 жылдың басында іске қосылады
Келесі пост
Қазақстанда алғашқы ядролық медицина орталығы ашылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu