Әскерге қинап алып кету деректері артып отыр ма?

77

Соңғы кездері әлеуметтік желіде азаматтарды әскерге қинап алып кету бейнематериалдары жиі кездесуде. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі түсінік берді.

“Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі жылына екі рет (көктемгі және күзгі әскерге шақыру) жүзеге асырылатын әскери қызметке шақырудың қолданыстағы тәртібін түсіндіруге өкілетті. Шақыру науқандары барысында кейбір азаматтардың әскери қызметтен жалтарып, жергілікті әскери басқару органдарына уақтылы келмеу фактілері байқалады. Сонымен қатар, әскерге шақыру жасындағы азаматтарды есепке алуда да қиындықтар туындайды. Өйткені олардың көпшілігі тіркелген жерінде тұрмайды. Ал қоныс аударған жағдайда жаңа тұрғылықты мекенжайына тіркелмейді”, – дейді министрлік өкілдері.

Сондықтан, әскерге жарамды азаматтарды алып келу ішкі істер органдарына тапсырылады екен. Сондай-ақ, кейбір шақырушылар, қарсылық көрсетіп, заң талаптарына бағынбайды. Осындай құқықбұзушылық орын алғанда оларды мәжбүрлі түрде жеткізуге тура келеді дейді министрлік.

Айта кетейік, отан алдындағы борышын өтеуден жалтарғаны азаматтарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Алдыңғы пост
Жәнібек Әлімханұлы Канеломен түсетін жекпе-жекке шыңдалып жатыр
Келесі пост
Бағдат Мусин «Қазақтелеком» компаниясын басқарады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu