Алматыда бірнеше полицейдің ер азаматтармен арпалысып жатқан сәттің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Оны оқиға куәгерлерінің бірі видеоға түсіріп алған.
ІІМ-дегілер видеоға қатысты түсінік берді.
Оқиға кеше Әуезов ауданында орын алған. «102» пультіне Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында бес ер адамның төбелесіп жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.
«Қоңырауға бірінші болып учаскелік полиция инспекторлары әрекет етті, артынша патрульдік полицияның экипажы жетті. Төбелесіп жатқандар тәртіп сақшыларына белсенді физикалық қарсылық көрсетті. Олар алкогольдік масаң күйде болған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды»,- Әуезов аудандық полиция басқармасының бөлім бастығы Еділхан Байғараев.