​Сарыағаштық жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып, көлікпен жүйткіген

Теги: ,
215

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жас жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып алып көлікпен жүйткіген. Оның видеосы желіде тарады. Аталған бейнежазбаға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жүргізуші анықталды.

«DAEWOO NEXIA» маркалы автокөлікің жолдың қақ ортасында қарсы қозғалыс жолағына шығып, өзге көліктерге кедергі келтіріп бара жатқан бейнежазба анықталды. Жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп, жүргізушісі ұсталды. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны, жас жігіт болып шықты. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған тұрғынға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 2-бөлігі (жолдың қарсы бағытына шығу) мен 606-бабы 1-бөлігі (авариялық жағдай туғызу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Жас жігіт өз кінәсін мойындап, жасаған әрекеттері үшін өкінетінін жеткізген.

Алдыңғы пост
​Алматыда полицейлердің тұрғындармен төбелесі видеоға түсіп қалды
Келесі пост
​Елорда тұрғыны дүкеннен жаңа аяқ киімді ұрлап, орнына ескісін қалдырып кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu