356
Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны үйінің алдында жүрген 6 бас қазысын, яғни үй құстарын ұрлатып алды. Осылай деп полицияға шағымдаған оның арызы Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынған.
Тәртіп сақшылары ұрлық орын алған аймақты аралап, көрген-білгендерден жауап алған. Бейнебақылау камераларына үй құстарын артып әкеткен көлік түсіп қалған. Оның жүргізушінің жеке басы анықталып, жас жігіт полиция бөліміне жеткізілді.
«Күдікті жол бойында қараусыз жүрген құстарды үйіне жасырған. Ол оңай тапқан олжасын сатып, пайда тапқысы келген. Алайда ойы іске аспай қалды. Үй құстары тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.