476
Қостанайда тұрғындарға әдепсіз сөз сөйлеген әкім жазаланды. Федоров ауданы Пешковка ауылдық округінің әкімі, жиын барысында ауыл тұрғынын бұқаға ұқсама деп, қуып шыққан көрінеді. Әкім Әмірбек Ержановтың ашулануына, тұрғын өзімен бірге екі азаматты ертіп келгені түрткі болған секілді. Олардың жиынға қатысы жоқ екенін айтып, әкіреңдеген көрінеді.
Осыған байланысты, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тексеріс жүргізіп, әкімнің Иватовқа “Қайрат, бұқаға ұқсама!” және “Мына жерден құрып кет!” деген сөздерді қолданғанын анықтады. Сондай-ақ жиналысқа қатысушылар оның әдепсіз сөз айтқанын растаған.
Сондықтан, кеңес мүшелері , әкімнің 21 жылдық еңбек өтілін ескеріп, ескерту берумен шектелген.