​Ақшадан қысылған әйел дүкеннен азық-түлік алып, бірақ ақшасын төлемей кеткен

Теги: ,
411

33 жастағы әйел сөреден ішіп-жемін тегін алғысы келіп, ақысын төлемей кеткен. Оқиға Шымкент қаласындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде күндізгі уақытта орын алған. Жәбірлеушінің айтуынша, өзіне тиесілі дүкеннен бейтаныс азаматша нан, сүт, шұжық өнімдерін алып, телефон қосымшасындағы жалған түбіртекті көрсеткен. Кейін дүкеннен шығып кеткен. Жалпы келтірілген шығын – 24 810 теңгені құрапты.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, көп ұзамай күдікті азаматша ұсталды. Ол Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Жасы – 33-те, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

«Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Мұндай заңсыз әрекетке қаржыдан қысылғандықтан барғанын жеткізді. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» деп атап өтті полициядағылар.

Алдыңғы пост
​Ойынхана клиенті кассадағы 1 млн теңгені жымқырып кетті
Келесі пост
​Ішіп алып рөлге отырған жүк көлігінің жүргізушісі жол апатын жасады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu