Қазақстандықтар былтыр мұражайға 6,1 млн рет барған

203

Халықаралық мұражай күніне орай Ұлттық статистикалық бюросындағылар осы мәдени мекемеге барушылар саны жайлы статистикалық мәліметтерді ұсынды. 2022 жылы Қазақстандағы мұражайларға ел тұрғындары көрермен ретінде 6 млн 97 мың рет барған. Ал 2021 жылы олардың саны 5 млн 104 мың болған.

Мұражайларға барушылардың басым бөлігі Түркістан облысында – 1 492 мың келуші, одан кейін Астанада – 643 мың және Шығыс Қазақстан облысында – 564 мың. Ал мұндай орындарға  барушылардың саны Шымкент қаласының музейлерінде ең аз – 43 мың.

Дегенмен, айта кетерлігі Шымкент қаласында небәрі 5-ақ мұражай бар. Жалпы 2023 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда барлығы 271 мұражай жұмыс істесе, бір жыл бұрын олардың саны 7-ге кем болған. Мұражайлар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 27, Ақтөбе облысында – 20 және Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысының әрқайсында 19 мұражайдан.

271 мұражайдың 48-і – тарихи, 109-ы – өлкетану, 65-і – мемориалдық, тағы 14-і – қорық мұражай, 11-і – өнертану және т.б. Айта кету керек, 4 мұражай жекеменшік, қалғаны – мемлекет меншігінде.

Мұражайларда барлығы 2,6 миллион экспонат сақтаулы.

Алдыңғы пост
Арзан бағада алтын алмақ болған шымкенттіктер алданып қалды
Келесі пост
Мемлекеттік қолдаудың арқасында Шымкентте бес мыңға жуық жоба іске асырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu