Үйіне келген ата-енесін билеп тұрып қарсы алған жас келінге жұрт тәнті болды. Оның видеосын келіннің өзі ТікТок парақшасында бөлісті. «Атам мен енемді билеп қарсы алдым» деп жазды автор.
Бейнежазбадан есікті іштен ашқан келін атасы мен енесін ерекше көңіл күймен қарсы алады. Әуен қойып, билеген ол күйеуінің ата-анасына сәлем салады да кейін беттерінен сүйіп, амандасады.
Келіннің биі ата-енесі үшін тосыннан болғанға ұқсайды. Енесі келінін қолдап, бірге билей түседі.
Көңілді отбасының бұл видеосына желідегі жұрт риза болды.
«Енеңізге Алла күш-қуат берсін», «Атаң мен енең керемет екен. Мен олай билесем, атам қарсы. Ол кісі өте қатал», «Керемет, жарайсың. Әрбір қазақ келіні осылай көңілді жүрсін», «Бізге де осындай күн бұйырсын», «Сіздерге денсаулық және бақыт тілеймін», «Күшті, бақытты болыңдар», «Керемет, әрдайым осылай тату-тәтті болыңыздар», «Қазақтың келіндері көп жасасын. Отбасыларыңа құт-береке, нұр жаусын» деп жазды желідегілер.