26 мыңнан астам мұғалім кәсіби біліктілігін арттырды

Теги:
226

Қазақстандық педагогтар біліктілігін арттыру бойынша тегін курстардан өтуді жалғастырып жатыр. Курстарды Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» орталығы ұйымдастырып отыр. Бүгінгі таңда республика бойынша 26 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттырды.

Бұл курстар тамыз айының басында басталған. Орталық 40 мыңнан астам пән мұғалімін оқытуды жоспарлап отыр.

«Бүгінгі күні «Өрлеу» орталығының қызметкерлері 900-ден астам курс өткізді. Ол курстарға 26 мыңнан астам педагог қатысты. Қазіргі таңда 1 000-нан астам мұғалім оқуын жалғастырып жатыр. Курстардың нәтижесі бойынша алынған білімнің қорытынды бағасына, кейін оқытудың тиімділігіне талдау жасалды. Талдау нәтижелері пәндік білімнің 24%-ға артқанын көрсетіп отыр. Диагностикалық тестілеуден төмен ұпай жинаған мұғалімдер қорытынды бағалауда оң динамика (39%) көрсетіп, пәндік курстардың тиімділігін сезінді», – деді «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова.

«Өрлеу» орталығының 70-тен астам маманы 12 пән бойынша 44 бағдарлама әзірлеген. Математика, информатика, физика, химия, биология, география, жаратылыстану, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих және бастауыш сынып мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан тегін өте алады. Курстар қараша айының соңына дейін жалғасады.

Алдыңғы пост
Астаналық әйел өзі жөндеу жұмыстарын жүргізген пәтерді тонап кетті
Келесі пост
Қаланың сайлау комиссиялары мүшелерінің есімдері белгілі болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu