363
Астанада сауда, ойын-сауық орталығындағы дүкенге келген тұрғын арам пиғылын асырмақ болды. 23 жастағы жігіт сауда орталығына клиент ретінде келіп, өзіне ұнайтын киімді ілгіштен алған. Содан оны қолында ұстап, сауда залында жүрген. Кейін сол күртешемен шыға беріске жақындап, кетіп қалмақшы болған. Бірақ оның бұл айласы іске аспай қалды. Жігітті өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері ұстады.
«Ер адам дереу полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде» делінген Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.