Жыл басынан бері 6,1 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

186

2023 жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша 6 114 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 112,6 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (53,9%) Өзбекстаннан, 19,1% – Қытайдан, 12,1% – Ресейден 5,6% – Түрікменстаннан, 5,7% – Моңғолиядан, және 1% басқа елдерден келгендер.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,2%), Маңғыстау (13,8%), Түркістан (6,4%) және Жамбыл (5,1%) облыстарына, сондай-ақ Астана (11%), Алматы (8,8%) және Шымкент (7,1%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 68,8%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,9%-ды және зейнеткерлер 8,3%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 18%-ы жоғары білімді, 38,6%-ы орта кәсіби білімді, 37,4%-ы жалпы орта білімді және 5,9%-ының білімі жоқ.

Алдыңғы пост
Шымкент тұрғыны дәмхананы тонап кетті
Келесі пост
Шымкентте 18 мыңнан астам оқушы құмар ойындарға тәуелділікті анықтайтын сынақтан өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu