Шымкентте 25 жастағы жас жігіт үйге ұрлыққа түсіп, алтын бұйымдары мен қомақты қаржыны жымқырып кеткен. «102» арнасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, күндізгі уақытта үйіне белгісіз тұлғалар кіріп, 1 миллион теңгесі мен құны 315 мың теңге тұратын алтын бұйымдарын ұрлап кеткен.
Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Жедел іздестіру жұмыстары кезінде күдікті ретінде Түркістан облысының 25 жастағы тұрғыны ұсталды.
«Тергеу барысында анықталғандай, жас жігіт үй иесінің жоқтығын пайдаланып, есік құлпын бұзу арқылы үйге кірген. Жатын бөлмедегі шкафтан құнды заттар мен ақшаны қолды еткен. Ұрланған алтынды Шымкент қаласы аумағындағы ломбардтардың біріне өткізіп жіберген. Түскен аұша мен 1 миллион теңгені өз қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» деп атап өтті қалалық Полиция департаментіндегілер.