Қазақстанның үздік 50 ғалымы 6 млн теңгеден алады

347

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын алуға конкурс жариялайды

Байқау қорытындысы бойынша еліміздің үздік ғалымдарына 50 сыйлық беріледі. 1 сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК (6 126 000 теңге) құрайды.

Конкурстың мақсаты — отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың, ғылыми қызметкерлердің еңбегін көтермелеу болып табылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер Министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады: scicontest2022.iac.kz 3 желтоқсанға дейін электрондық форматта.

Сыйлық беруге үміткерлердің ғылыми жетістіктері ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының, ғылыми жарияланымдарының, монографияларының болуы, ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық жасау сияқты критерийлер бойынша бағаланатын болады.

Бұл ретте университетте өткен жылы кемінде бір пәнді оқыту, сондай-ақ соңғы 3 жылда философия докторын (PhD) немесе бейіні бойынша докторды даярлау және ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және ықпалын арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс міндетті болып табылады. Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылар ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу нәтижелерін ұсынуы қажет.

Предыдущая запись
ООН: 14 млн украинцев покинули свои дома с начала войны
Следующая запись
50 лучших ученых Казахстана получат по 6 млн тенге

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню