Қыс мезгілі жеткен соң, үйді жылыту қажеттілігі туындайды. Ол бесенеден белгілі. Сондықтан, қыс қамын, жазда ойлау қажет. Яғни, мұржаларды тазалап, көпқабатты тұрғын үйлерде тиісті мекемелермен жұмыс жасау керек. Ол үшін Шымкент қаласында 29 компания үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті аттестат алған. Талдау жұмыстарының нәтижесінде қалада бүгінде 13 компания қызмет атқарады. Ал мұржалар мен желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме бар. Олармен тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтері енгізіліп, іске қосылды. Осылайша техникалық қызмет көрсетуге келісімшартты электронды түрде жасауға мүмкіндік бар.Осыған байланысты жауапты мамандар қысқы мезгілде жылыту құралдарын пайдаланудың қауіпсіздігін сақтауға шақырады. Осыған орай қала тұрғындарына иіс газынан уланудың алдын алу үшін үйдегі газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуші мекемелермен келісімшарт жасау қажеттілігі түсіндірілуде. Айта кету керек, тұншықтырғыш газ-иіссіз және түссіз көзге көрінбейтін болғандықтан, адамның ағзасына өтпе зиянды. Тыныс алу жолдары арқылы кіріп, миға ауаның барар жолын зақымдайды. Сондықтан, барынша сақтық шараларын қолға алу қажет. Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары қала әкімінің тапсырмаларына сәйкес тұрғындар арасында газды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат жүргізіп келеді. Жыл басынан бері тұрғындарға 42 мыңнан астам жадынама таратылды. Сонымен қатар БАҚ беттерінде видеороликтер, мақалалар жарияланып, арнайы мамандандырылған мекемелердің басшыларының қатысуымен 2 тікелей эфир өткізілді. Мұндағы мақсат – жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан туындайтын улану жағдайларын болдырмау.
Техникалық қызмет көрсету келісімшарты электронды жүйеге көшті
368
Видео
Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті