​Темекі өнімін заңсыз сатып келген ақмолалық сотталды

Теги: ,
525

Ақмола облысының тұрғыны тиісті құжатсыз және сертификатсыз темекі сатумен айналысқан. Ол темекі өнімдерін өңір аумағында сатқан. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Мәселен, ағымдағы жылдың наурыз-маусым айлары аралығында ер кісі тауардың сапасы мен шығу тегін растайтын құжаттарсыз темекі өнімін сатып алып, оны Астанада «Әмір» базарының аумағында контейнерде сақтаған. Кейін Ақмола облысының Ақкөл қаласында жалпы сомасы 775 мың теңгеге тауар сатып үлгерген.

«Контрафактілік темекі өнімдері бар автокөлік Астанадан Ерейментау қаласына дейін тасымалдау кезінде анықталған. Ер кісі жоспар бойынша оны бөлшек сауда дүкендері арқылы өткізбек болған. Көлік құралын тексеру барысында жалпы саны 34 500 қорап темекі тәркіленді. Мемлекеттік кірістер департаментінің қорытындысына сәйкес, тәркіленген 37 150 қорап акцизделуге тиіс темекі өнімдерінің жалпы құны 22 млн теңгеге жуық соманы құрайды» делінген агенттік мәліметінде.

Сот үкімімен ер кісі кінәлі деп танылып, оған 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Предыдущая запись
​8 сайрамских призывников торжественно проводили в армию
Следующая запись
​Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, бір жолаушы қаза тапты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню