Әулиекөлде өрт зардабын шеккендер үшін салынған бірнеше үй су астында қалды

300

Жақында Қостанай облысында болған өрттен зардап шеккендер Әулиекөлдегі жаңа үйлерге көшкеніне 10 күн болды, деп жазады ZTB.

Өрттен зардап шеккендерге жалпы ауданы 100 шаршы метр болатын үйлер салынды.

Жаңа қоныстанушылар үйлерін жаңбыр суы басып қалды деп шағымдануда. Аудан әкімдігінде жағдайды шешу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

“Достар, Бұл Қостанай облысы Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккендер үшін салынған жаңа үйлер. Әкімдіктің Президенттің тапсырмасын қаншалықты тез (2,5 ай) орындағаны туралы әлеуметтік желілерде жазылған посттарының астындағы лайктар суып та үлгенрегн жоқ, ал үйлер болса су астында қалып үлгерді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүкіл ел бақылап отырған үйлер бір апта да жанжалсыз тұрмады”, – деп жазды “Әділдік жолы” қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов Facebook парақшасында постты фотосуреттермен растап.

Қостанай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Танжарықов ” Әулиекөл ауданында өрттің салдарын жою аясында зардап шеккендерге арналған 91 тұрғын үй салынды. Жобада септиктерді орнату қарастырылмаған, осыған байланысты мердігерлер есебінен уақытша септиктер қойылды. Оған қоса температура мен жауын-шашынның салдарынан тұрғын үйлердің аумағында судың жиналуы байқалады. Сонымен қатар, инженерлік-геологиялық зерттеулерге сәйкес үйлердің іргетасы ылғалдан қорғалған, үйлерге су кірмейді, су басу қаупі жоқ”, деп сендірді.

Алдыңғы пост
Гендерлік теңсіздік: Қазақстанда әйелдер еркектерге қарағанда 22%-ға аз табыс табады
Келесі пост
​Дүкенге ұрлыққа түскен ер кісінің әрекеті видеоға түсіп қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu