Гендерлік теңсіздік: Қазақстанда әйелдер еркектерге қарағанда 22%-ға аз табыс табады

160

2021 жылы 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 9,3 млн адамды немесе халықтың жалпы санының 69,3% (2020 жылы – 69,2%) құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 100 мыңға кем болған (2020 жылы – 9,2 млн. адам). Экономиканың түрлі салаларында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 4,2 млн адам немесе 48,3% – әйелдер (2020 жылы – 48,2%). Бұл ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметтері.

Жұмыспен қамтылған халық құрылымының басым бөлігін жалдамалы жұмыскерлер құрайды – 6,7 млн адам немесе жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,2%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 2,1 млн адам немесе 23,8%. Бұл ретте, егер жалдамалы жұмыскерлер санында гендерлік теңдік байқалса (50,9% – ерлер, 49,1% – әйелдер), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасында әйелдермен 45,6% салыстырғанда ерлердің үлесі сәл жоғары – 54,4%.

Экономиканың әртүрлі салаларындағы ерлер мен әйелдердің бөлінісін қарастырсақ, жалдамалы жұмыс істейтін ер адамдардың едәуір үлесі дәстүрлі «ерлер» салалары: құрылыс (77,2%), өнеркәсіп (68,9%), ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (57,8%), көлік және қойма (77,4%) салаларында жұмыспен қамтылғанын атап өткен жөн.

Әйелдер ауыл шаруашылығы секторында (42,2%), өнеркәсіпте (31,1%) және құрылыста (22,8%) азырақ, бірақ сауда (57,1%), орналастыру және тамақтану қызметтерін ұсыну (65,4%), білім беру (72,9%), денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету сияқты экономикалық қызмет салаларында басым (73%).

Жыныс-жас құрылымын талдау жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесін 25 пен 54 жас аралығындағы адамдар алатынын көрсетті – 76,5%, бұл ретте ерлер мен әйелдердің арақатынасы шамамен бірдей (51,3% – ерлер және 48,7% – әйелдер). Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 11,5%-ы жастарға (15-24 жас) тиесілі және олардың арасында қыздарға (47,0%) қарағанда жігіттер көбірек (53,0%) байқалады. Зейнеталды жасындағы адамдар (55-64 жас) жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 11,2%-ын құрайды, бұл ретте осы жас тобындағы әйелдердің үлесі – 49,1%. Жұмыспен қамтылғандар санында жұмыс істейтін зейнеткерлердің (64 жас +) үлесі аз – 0,8%, оның ішінде 53,1% – әйелдер.

7,4 млн адамның немесе жұмыспен қамтылған халықтың 83,5%-ында жоғары және орта кәсіптік (арнайы) білімі бар. Әйелдер неғұрлым білікті жұмыс күші болып табылады, 41,4% әйелдің білім деңгейі жоғары.

2021 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздар саны (15 жастағы және одан үлкен, табысты жұмысы болмаған, оны белсенді іздеген және оған кірісуге дайын адамдар) 449,6 мың адамды (2020 жылы – 448,8 мың адам) құрады, олардың жартысынан сәл астамы әйелдер (55,1%). Жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде қалыптасты, ал әйелдер жұмыссыздығы (5,5%) (2020 – 5,4%) ерлер арасындағы жұмыссыздықтан (4,2%) (2020 – 4,4%) асып түсті.

2021 жылғы деректер бойынша әйелдердің орташа айлық атаулы жалақысы 220 160 теңгені (2020 жылы – 182 679 теңге), ерлерде – 281 239 теңгені (2020 жылы – 243 524 теңге) құрады. Абсолюттік мәнде айырмашылық орта есеппен 61 079 теңгені құрады, пайыздық мәнде гендерлік алшақтық – 21,7% (2020 жылы-25%).

Жалақыдағы гендерлік алшақтық, %

Еңбекақы төлеудегі айырмашылықтар орындалатын жұмысқа және кәсіпорындардың экономикалық қызмет түрлеріне байланысты ерекшеленеді. Еңбекақының ең жоғары мөлшері тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – 503 930 теңге, ең төменгісі – ауыл, орман және балық шаруашылығында – 150 705 теңге болып белгіленді.

Алдыңғы пост
​Арзан бағада көлік алмақ болған сарыағаштық әйел жиған-тергенінен айырылды
Келесі пост
Әулиекөлде өрт зардабын шеккендер үшін салынған бірнеше үй су астында қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu