403
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны алаяқтың құрбаны болды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы Астана қаласынан арзан бағада автокөлік алып беремін деп уәде еткен. Сеніміне кіру арқылы 5 миллион теңгесін алып кеткен. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген автокөлікті де, не өз ақшасын да ала алмаған.
Келіншектің арызы Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Облыстық Полиция департаментінің мәлімтінше күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде.