346
Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында мобильді дүкенге ұры түсті. Оқиға түнгі сағат 04:00 шамасында мөлтек аудандардың бірінде болған. Жәбірленушілердің айтуынша, сауда орнынан ноутбук, «Айфон» маркалы ұялы телефоны және банк терминалы қолды болған.
Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының 1994 және 2000 жылғы тұрғындары ұсталды. Күдіктілер кінәсін толық мойындады. Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Айғақ заттар тәркіленді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментіндегілер хабарлады.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.